Жаңа заң: Баспанасы жоқ кез келген адам үй кезегіне тұра алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа заң: Баспанасы жоқ кез келген адам үй кезегіне тұра алады

23.11.2024

Енді, баспанасы жоқ кез келген адам үй кезегіне тұра алады. Президент тұрғын үй саясатын реформалауға арналған заңға қол қойды. Яғни, кез келген кәмелет жасқа толған азамат ешқандай санатқа кірмесе де, тізімге кіреді. Баспана кезегін Отбасы банк жүйелеп реттейді. Осылайша, құзырын кеңейткен банк, тұрғын үйді бөлу кезінде баспанаға мұқтаж азаматтарды есепке қою күні мен табыс деңгейіне баса мән береді. Бұл - бірінші кезекте, ұзақ уақыт кезекте тұрған адамдарды баспанамен қамтуға мүмкіндік береді. Әзірше, құжаттарды Egov порталы арқылы тапсыруға болады. Заң күшіне енгенімен,«Отбасы банкі» 6 айдан кейін жұмысты толық бастайды.

Каби Қарахан, ҚР ӨҚМ Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту басқармасының басшысы:

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына 1-ші кезекті құқық беру қарастырылған. 3-ші санат басым құқыққа ие. Оған қосымша ретінде жесірлер, Ауған соғысының ардагерлері, Екінші дүниежүзілік соғысына теңестірілген ардагерлер және мүгедек балалар тәрбиелейтін отбасылар және 1,2 топтағы мүгедектігі бар азаматтарға осындай құқық беру қарастырылған. 

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу