Қазақстанда 58 мектеп лицензиясыз жұмыс істеген. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді. Құжаты жоқ білім ошақтары Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ, Алматы, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында анықталды. Оларға Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі негізінде айыппұл салынды. Қазір 58 мектептің 17-сі тиісті лицензиясын алып, талапты орындаған. Заң бойынша, мектеп мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін 6 ай ішінде лицензия алуы керек. Болмаса, сот тәртібімен жабылуы тиіс.
Динара Жарқынбек