Жамбылда бес ауданға қарасты ауылдық округ әкімдері қызметіне сай емес деп танылды. Олардың қатарында Тараз әкімдігі коммуналдық бөлімінің басшысы да бар.
Ақтөбе, Ақбастау, Жаңатоған, Ойтал, Қызыларық және Степное ауылының әкімдері өз міндетіне атүсті атқарған. Олар жол салған компанияларға аяқталмаған жұмыс үшін ақша аударған. Мәселен Меркі ауданындағы үш ауылдың жол құрылысына 300 млн теңгеден астам қаржы қаралған. Алайда шенділер жұмыс сапасын тексермей қаржыны серіктестіс шотына жібере салған.
Дәурен Омаров, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департамент басшысының бірінші орынбасары:
Бұл бұлай айтатын болсақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жататын жауапкершілік болып табылады. Қолданыстағы заңнамадан білуім бойынша, бұл ары қарай да осындай жауапкершілік 1 жылдың ішінде қайталанатын болса онда ол қызметінен босатуға алып кеп соғады.
Данияр Әлімқұл