Түркістанда құқықтық және қаржылық сауат бойынша форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда құқықтық және қаржылық сауат бойынша форум өтті

22.11.2024

Түркістанда құқықтық және қаржылық сауаттылық бойынша форум өтті. Облыс әкімдігінің қолдауымен және Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен әр жерде өткен ауқымды шараға 500 мыңнан астам адам қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер мен дін өкілдері, кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйым мүшелері, оқушылар мен студенттер бар. Халық арасында «Заң мен тәртіп» қағидаларын дамытуға бағытталған шара аясында бір уақытта 5 жерде флешмоб өткізіліп, панельдік сессиялар ұйымдастырылды. Онда жастар қызу пікірталастар мен интеллектуалдық викториналарға, қызықты сайыстарға қатысты. Ал психолог-нарколог мамандар тәуелділіктің зияны мен қаржылық сауаттылықтың маңызына тоқталды. Форум соңында өңір азаматтары лудомания және синтетикалық есірткіге қарсы екенін жеткізіп, өзге аймақтарға челлендж жолдады.

Жеңіс Елемесов, Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары:

Біз 13 мыңнан астам осы жылдың басында сайттарға финансовый пирамидаға блоктар қойдық. Одан бөлек есірткілер бойынша статистика келтіргенмін. Ол жұмыстардың барлығы жүргізіліп жатыр. Профилактика ретінде алдын алу дейміз ғой, өте қажет деп ойлаймын.

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу