Ақтөбе жастары 300 тонна қоқыс шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе жастары 300 тонна қоқыс шығарды

22.11.2024

Биыл Ақтөбе облысында жастар ұйымдарының өкілдері су тасқынынан зардап шеккен 200-ден астам тұрғынның үй-жайын тазартуға көмек көрсеткен. Одан бөлек «Таза Қазақстан» акциясы аясында өзен-көлдердің жағалауын қоқыстан арылтып, 3 мыңнан астам көшет еккен.

Ал бүгін белсенділер «Өзіңнен баста» деген атаумен жиын өткізді. Мақсат – оқушылар мен студенттерге экологиялық тәрбие беру ісін жетілдіру. «Жасыл ел» жасағының басшылары атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, алдағы мақсаттарымен де бөлісті. Биыл ұйым мүшелері 300 тоннадан астам қоқыс шығарған. Жыл сайын жасақ құрамына еніп, жұмыс істеймін деген жастардың саны артып келеді.

Артур Әзиев, «Жасыл ел» жасағы төрағасының орынбасары:

Биыл жұмыс істеген жастардың көбі айтады, республика бойынша ең үлкен айлық бізде - Ақтөбеде. Көгалдандыру бойынша зейнетақы төлемін ұстап қалғанда, қолына 140 мың алады, абаттандыру бойынша 155 мың алады. Құрылыс отрядтарында 170 мың алады.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу