Түркияның басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауып, дауыл соқты. Бірқатар қалаларда ағаштар құлап, ғимараттардың шатырлары бүлінді. Ыстанбұлда қатты желдің кесірінен теңізде биік толқындар көтеріліп, қаларалық кеме қатынасы тоқтатылды.
Ал Бурса мен Анталияда нөсер жауыннан кейін көшелерді су басқан. Кей өңірлерде күн райының қолайсыздығына байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды. Мамандар алдағы демалыс күндері елдің көп бөлігінде қар жауып, боран соғады деген болжам жасап отыр. Төтенше жағдайлар басқармасы бірқатар аймақтарда сары және қызғылт түсті дауылды ескерту жариялады.
Февзи Бурак Текин, метеорология басқармасының маманы:
Апта соңында еліміздің солтүстік және батыс бөлігінде қатты жел мен жауын-шашын болады. Ауа температурасы күрт төмендейді. Су тасқыны, сел болу қаупі де жоғары. Теңіздерде биік толқындар көтерілуі де мүмкін. Сондықтан тұрғындар абай болулары қажет.
Айдос Әшімұлы