Ұлытау облысында 30-дан астам көлік балшыққа батып, жолда қалды. «Қызылорда – Жезқазған» тас жолы толассыз жауған жаңбырдың кесірінен езіліп жүруге жарамай қалған. «ҚазАвтоЖол» мамандары арнайы техниканың күшімен 30-дан астам көлікті балшықтан шығарды. Жол тегістеліп, көліктер қатынай бастады.
Жандос Бақытұлы