Бүгін Ұлттық мұражайда Санкт-Петербор мемлекеттік эрмитажының көне қару-жарақ көрмесі ашылды. «Батыс пен шығыс» деп аталатын мәдени шараға ежелгі қару-жарақ экспонаттары қойылған. Салтанатты рәсімнің ашылуына Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты. Көрменің хронологиясы 400 жылдан астам уақытты қамтиды. Осман империясы, Иран, Жапон, сонымен қатар, Еуропа әскерлері қолданған бес қаруды тамашалауға мүмкіндік бар. Ресейліктер барлығы 81 экспонат әкелген. Көрме 20-шы қыркүйекке дейін жұмыс істейді.