Ал, биткоинның бағасы 97 мың 900 долларға жетті. Бұл рекордтық көрсеткіш. Бұған Дональд Трамп президенттігі тұсында реттеу органдарының ережелері жеңілдеп, криптовалюта нарығы өркендейді деген болжам себеп. Оның үстіне, Трамптың әлеуметтік медиа компаниясы биткоин саудасымен айналысатын фирманы сатып алады деген мәлімет тараған. Бұл ақшаның құны қарашаның 5-нен бері өсіп келеді. Сарапшылардың дерегінше, жаһандық криптовалюта нарығының көлемі 3 триллион доллардан асып кеткен.
Арыстан Рысбек