Қарағанды облысы Саран қаласында «Таза бейсенбі» акциясы өтті. «Аманат» партиясының бастамасымен жүзеге асқан шараға қала тұрғындары, еріктілер мен студенттер, жалпы 40-қа жуық адам қатысты. Табиғат жанашырлары қаланың ең көрнекті жерлерін қардан тазалап, қоқыстарды жинады. Апта сайын үздіксіз өтіп келе жатқан акцияға әрбір аудан, ауылдар да белсенді ат салысып жатыр.
Жанбол Жаяубай, Саран гуманитарлық-техникалық колледжі директорының орынбасары:
Осы акцияның бірінші мақсаты – жастарды тәрбиелеу. Бір қуанатыны, әр аула акцияға белсенді қатысуда. Өздері шығып сенбілік, бейсенбілік өткізеді.
Жандос Бақытұлы