Арал аймағының қоршаған ортаға әсері зерттеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арал аймағының қоршаған ортаға әсері зерттеледі

21.11.2024

Арал аймағының қоршаған ортаға әсері бағаланады. Зерттеу жұмыстары келесі жылы басталмақ. Бұл туралы бүгін Астанада өткен денсаулық сақтау саласындағы сарапшылардың екінші форумында айтылды. Шараға Біріккен Ұлттар мен Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымдары және министрлік пен елшілік өкілдері қатысты. Олар жиында саланың негізгі мәселелері мен қоршаған ортаны нығайтуға бағытталған стратегияны талқылады.

Робб Баттлер, ДДСҰ еуропалық өңірлік бюросының сарапшысы:

Біздің Денсаулық сақтау министрлігімен ынтымағымыз тез дамып келеді. Климат өзгеруі және жалпы денсаулықты жақсарту жөніндегі мақсаттарымызға жету жолында бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Келесі жылы Арал аймағындағы қоршаған ортаның адам денсаулығына әсерін бағалап, ол жердегі жағдайды анықтап, денсаулық сақтауды жақсарту шараларын зерттемекшіміз.

Темірлан Нұрсолтан

Хабарламаларға жазылу