Қазақстан мен Ресей арасында тауар айналымы жыл сайын артуда. Жалпы Ресеймен былтыр тауар айналымы рекордтық көрсеткішке жетіп, 27 миллиард доллардан асса, биылғы тоғыз айдағы алыс-беріс көлемі де осыған тең.
42 мың қазақстандық компанияның жартысына жуығында ресейлік кәсіпорындардың үлесі бар. Екі елдің өңірлерінің арасында 200-ден астам келісімшарт жасалды. Мәселен тек Чувашия республикасымен Қазақстанның арасындағы тауар айналымы 35 есе өскен.
Андрей Котелкин, кәсіпорын өкілі:
Біз Қазақстанға құрал-сайман, металл кескіш заттарды, бөлшектер мен жөндеу станоктарын жеткіземіз. Сіздердің елге де экспорттаймыз. Әріптестігіміз жыл сайын артуда. Осылайша өндірісіміз шарықтап дамып келеді.
Индира Бегайдар