Петропавл қалалық әкімдігі жолаушылар тасымалымен айналысатын компанияларға 360 млн теңгеден астам ақша қарыз.
Кәсіпкерлердің айтуынша атқарушы орган қазынадан бөлінетін субсидия қаражатын дер кезінде төлемей отыр. Биыл қоғамдық көліктердің тозу көрсеткішін төмендету мақсатында лизингке 31 жаңа автобус сатып алынған.
Мердігер компания өкілдері бюджеттен бөлінген 2,7 млрд теңге демеуқаржы шығынды толық жаппай отырғанын айтады. Қосымша ақша бөлінбесе, кәсіпкерлер жыл соңына дейін өтелуі тиіс 650 млн теңге қарызды жаба алмайтынын, салдарынан жолаушыларға қызмет етіп жүрген автобустарды 50 пайызға қысқартуға мәжбүр болатынын айтып отыр.
Болат Рақымов, мердігер компания директоры:
Шопырларға зарплата жетпей жатыр. Олар да аса нетпейді бізде, кетіп жатыр, басқа жұмыстарға. Запчасть.
Әсем Айтолла, Петропавл қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы:
Бюджеттік комиссияда қосымша қаражат бөлу туралы сұрақ қаралған болатын. 363 млн теңге қосымша бөлінді. Оның 360-ы автобустарды субсидиялауға, 63 млн-ы жаңағы льготная категория дейміз, соған қарастырылған. Желтоқсан айының басында берілетін болады.
Эльмира Кәленова