Түркістан облысында білім бөлімінің мамандары 3,7 млрд теңге жымқырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында білім бөлімінің мамандары 3,7 млрд теңге жымқырған

21.11.2024

Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері Шардара ауданы білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын аяқтады. 12 адамнан тұратын қылмыстық топ мүшелері, яғни бөлім басшысы мен есепшілер жұмыс істемеген жеке тұлғаларға, сондай-ақ өздерінің жеке шоттарына жалақыны заңсыз аударып отырған.

Сөйтіп 2020-2023 жылдар аралығында бюджет қаражатын жымқырып, мемлекетке 3,7 млрд теңге көлемінде залал келтірген. Бүгінде құзырлы орган тарапынан қабылданған шаралармен жалпы сомасы 639 млн теңгеге залал өтеліп, күдіктілердің мүліктеріне тыйым салынды. Қылмыстық іс прокуратураға жолданған.


Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу