Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік музейі Астанада. ЮНЕСКО тізіміне енген бірегей кешен жәдігерлерін енді алысқа бармай-ақ бас қаладан да көруге болады. Бүгін Қарулы Күштердің әскери-тарихи музейінде «Рухани орда - Түркістан» атты көрме ашылды. Онда киелі Түркістаннан әкелінген 250-ге жуық жәдігер қойылған. Көрмеге кіру тегін. 10-шы қыркүйекке дейін жұмыс істейді.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ