Спектакль Шерхан Мұртазаның әңгімесі желісі бойынша қойылған. Адалдыққа, ардан аттамауға меңзейтін туынды өз баласын өзектен тепкен ана мен қанша қатыгез десе де, шақалақты өгейсінбей бауырына басқан ана-қасқырдың әрекетімен суреттеледі.
Талантты жастарды өнер қазанында қайнатып, осындай ойлы дүниені көпшілікке ұсынған - белгілі режиссер, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Оңталап Нұрмаханов.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ