Қазақстан биыл 57,8 млн тонна мұнай тасымалдады. 10 айдың қорытындысын Энергетика министрлігі жариялады.
Қазақстан мұнайы Италия, Нидерланд, Қытай, Оңтүстік Корея, Румыния, Франция, Грекия, Түркия, Сингапур, Германия сынды бірқатар елдерге экспортталады.
Мәселен Германияға 1,2 млн тонна, Махачкала портына 1,6 млн тонна, «Баку – Тбилиси – Жейхан» мұнай құбыры бағытында 1,2 млн тонна жөнелтілді. Биыл өндірілген мұнайдың 26%, яғни 15 млн тоннадан астамы отандық мұнай өңдеу зауыттарына жеткізілген.
Динара Жарқынбек