Абай облысында биыл тауар айналымы артып, экспорт көлемі 1,5 миллион долларға дейін жетті. Негізінен Қытай және Ресей Федерациясымен сауда-саттық жанданып келеді. Өңірдегі ірі өндіріс иелері Өзбекстан, Татарстан сынды елдермен де қарым-қатынасты нығайту үшін келер жылдан бастап бірнеше ірі жобаны қолға алмақ. Бүгін Абай облысына жұмыс сапарымен келген Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев өңірдегі бизнес өкілдерімен кездесіп, ірі өндіріс орындарының әлеуетімен танысты. Жиында саладағы өзекті мәселелер тақыланды. Облыстағы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру жайы сөз болды. Бұл орайда өңірде 152 мониторинг тобы жұмыс істеп, бағаны бақылауға алған.
Қайрат Төребаев, Сауда және интеграция вице-министрі:
Абай облысының экспорттық әлеуеті өте зор. Бұл жерде май өнеркәсібі Қытайға біраз өнімді шығарып жатыр. Жергілікті нарықта да сатып жатыр. «Казполиграф» мекемесіне бардық. Өте үлкен мекеме. Әлеуеті өте зор. Жаңа блоктарды да салып жатыр. Олардың өнеркәсібі бетке ұстар деп санаймын. Мысалы біздің қазақстандық экспорт толығымен осы компанияның қораптарымен сатылып жатыр.
Ержан Жақып