Атырау облысында 10 млрд теңгеге салынған көпірден ақау шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында 10 млрд теңгеге салынған көпірден ақау шықты

19.11.2024

Атырау облысы Махамбет ауданында салынған көпірдің жігі ажырап кетті. Қазір тек жеңіл автокөліктер сағатына 20 шақырым жылдамдықпен өтіп жатыр. Ал жүк көліктеріне жүруге тыйым салынған. Осыдан 7 жыл бұрын пайдалануға берілген көпірдің ұзындығы 8 шақырым. Құрылысқа бюджеттен 10 млрд-қа жуық қаражат бөлінген. Бұл транзит Атырау-Индер жолы мен республикалық Атырау-Орал тас жолын байланыстырып тұр. Жергілікті әкімдік қазір мұнда техникалық зерделеу жұмыстары жүріп жатқанын айтады.

Асылхан Шакимов, аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

Сол бағалаудың шешімімен бұл көпір жабылады немесе қайта іске қосылады. Егер де астыңғы негізгі бөлігінде ақау болмаса, ауыр көліктер қайта жүргізіледі.

Нұрсұлтан Нұрсейіт

Хабарламаларға жазылу