Қызылордада жасанды интеллект көмегімен миллиондаған ұрлықтың беті ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада жасанды интеллект көмегімен миллиондаған ұрлықтың беті ашылды

19.11.2024

Жүз миллиондаған ұрлықтың беті ашылды. Оны Қызылорда облысының прокуратурасы жасанды интеллектке негізделген «IT Tergeu» жобасы аясында әшкереледі.

Ведомствоның мәліметінше, 496 қылмыстық іс бойынша 689 ұялы телефон тексерілген. Нәтижесінде 200 миллион теңгеден астам залал келтірген 134 қылмыстық факті анықталған. Бұдан бөлек 62 қылмыскер ұсталып, із-түзсіз жоғалған 51 адам табылды. Қазірге дейін жалпы сомасы 439 миллион теңге өндірілді. 

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу