Ұлыбританияның отарында болған елдер өтемақы талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияның отарында болған елдер өтемақы талап етті

18.11.2024

Кариб теңізі мен Африка елдері трансатлантикалық құл саудасына қатысқан бұрынғы отаршыл державалардан ресми кешірім мен өтемақы талап етуде.

Оңтүстік Африкаға барған сапарында Уильям ханзадаға құрмет көрсеткендермен қатар, наразылығын білдіргендер де болды. Ұлыбритания көптеген жылдар бойы Кения, Уганда, Сьерра-Леоне және басқа да Африка елдерін бодандықта ұстап, халқын құл еткен. Тек 60-шы, 70-ші жылдары ғана тәуелсіздік берген.

Патрисия Скотланд, Ұлттар достастығы ұйымының ынтымақтастық жөніндегі мемлекеттік хатшысы:

Жауап беретін кез келді. Ұлттар достастығы ұйымына мүше, тарихы ортақ елдер теңдікке негізделген болашағымызды құру туралы ашық сөйлескісі келеді.
ІІІ Чарльздің бұрынғы патшалар сияқты қазір әмірі жүрмейді, конституциялық міндеттемелері шектеулі. Британ үкіметі де өтемақы төлегісі жоқ. Биліктегілер өткеннің қателіктерін түзете алмаймыз деп ақталумен шектелуде. Ал сауалнама көрсеткендей, Ұлыбританиядағы 10 адамның төртеуі қаржылай өтемақы үкімет есебінен төленуі тиіс деп есептейді.

Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу