168 мың адам құмар ойындарынан бас тартқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

168 мың адам құмар ойындарынан бас тартқан

18.11.2024

Елімізде 168 мыңнан астам азамат букмекерлік кеңсе мен онлайн казинода ойнау құқығынан ерікті түрде бас тартқан. Яғни, олардың бәске тіккен ақшасы 10 жыл бойы қабылданбайды. Өтініш берушілердің дені – 31-35 жас аралығындағы азаматтар. Жалпы құмар ойынынан өз-өзін шектеу үшін «eGov mobile» қосымшасы арқылы өтініш беруге болады. Тиісті өтінішті, әр тұлға өз атынан беруі тиіс. Яғни, туысқандары немесе достары шектеу қоя алмайды.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу