Ал жұмыссыз қалған 250 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды. Мемлекет оларға жалпы сомасы 70 млрд теңге жәрдемақы берді. Жалпы жұмысынан айырылған азаматтар еңбек өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына қарай төлем ала алады. Қаржылай көмек 1 айдан 6 айға дейін беріледі. Оны бұған дейінгі табысының 45 пайызына дейінгі мөлшерде тағайындайды.
Айя Мүтәлі