Биыл кәсіпкерлер 12,8 трлн теңге несие алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл кәсіпкерлер 12,8 трлн теңге несие алды

18.11.2024

Бизнес үшін берілетін несие көлемі артты. Жыл басынан бері кәсіпкерлер екінші деңгейлі банк арқылы 12 трлн 800 млрд теңгеге кредит алған.  Соның 5,9 трлн теңгесі шағын және орта бизнеске берілген қарыз. Ал ірі бизнес 4,1 трлн теңге алған.

Биыл әсіресе, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда және құрылыс саласына банктер көбірек несие рәсімдеген. Жалпы кәсіпкерлерге берілетін кредит көлемін 20 пайызға арттыруды Президент өз Жолдауында тапсырған болатын.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу