Мемлекетке қайтарылған қаржыға ерекше балаларға арналған балабақша салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекетке қайтарылған қаржыға ерекше балаларға арналған балабақша салынады

18.11.2024

Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен ерекше балаларға арналған арнайы балабақша салынады. Нысан Ақтөбе қаласында ашылады. Оған Үкімет шамамен 7,8 млрд теңге бөлмек. Жаңа мекеме 300 балаға арналған. Ал облыста ерекше білім беруді қажет ететін 3 жастан 6 жасқа дейінгі 2 500-тен астам бала бар. Олар үшін 4 арнайы түзету балабақшасы жұмыс істейді. Бұған дейін мемлекетке қайтарылған актив есебінен Алматыда Мәдениет орталығы ашылатыны, ал Шымкентте мұқтаж отбасылар үшін көпқабатты тұрғын үй салынатыны хабарланған.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу