Ресейде 2,5 миллион жұмысшы жетіспейді. Доллар қымбаттап, жалақы қысқарған соң еңбек мигранттары да күрт азайған. Сондықтан такси қызметі, қоғамдық тамақтану, құрылыс салаларында кадр тапшылығы пайда болды.
Мәскеу, Санкт-Петерубрг сияқты ірі қалаларда аула сыпырушыға сұраныс жоғары, алайда жұмысшы жоқ. «Компаниялар жалақыны өсіруге тырысқанымен, экономикалық дағдарыс, қымбатшылықтың салдарынан табатын табысымыз мардымсыз», - дейді жұмысшылар.
Акбаржон, еңбек мигранты:
Күніне 5-6 мың рубль табамын. Отбасым жырақта, осы ақшаға хостелде тұрамын. Желтоқсан айында еліме қайтамын деп шештім.
Сонымен қатар құрылыста да жұмысшы жоқ. Бұл салаға 400 мың адам керек. Еңбек мигранттарының бір бөлігі елден кеткен соң, көптеген компаниялар құрылысты тоқтатқан, салдарынан үй бағасы қымбаттады. Сарапшылар экономикалық шектеулер жалғаса берсе, кадр тапшылығы арта беретінін айтады.
Дмитрий Журавлев, сарапшы:
Санкция салынған уақыттан бері бұл мәселе туындайтыны түсінікті еді. Өйткені экономикалық шектеулер баға саясатына әсер етті, елде өмір сүру деңгейі күрт төмендеді. Кадр мәселесі бірнеше жылда шешілмейді.
Ірі компаниялар Үндістан, Пәкістаннан еңбек мигранттарын тартуға көшкен. Ал сарапшылар келесі жылы кадр тапшылығы 3 миллионнан асады деп болжап отыр.
Индира Бегайдар