Соңғы 5 жылда 860 миллиард теңгеден астам кіріс кірген, бірақ мемлекетке төлеген салығы 7 млрд теңгеден аспайды.
Бүгін Мәжілістің Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің отырысында «Astana HUB» IT-стартаптардың халықаралық технопаркіне жасалып отырған салықтық жеңілдікті төмендету ұсынылды. Өйткені Хабтың жұмысы көңіл көншітпейді. Мәселен оның құрамында құны 18 млрд теңге болатын 200-ден астам жоба жүзеге асырылып келеді. Бірақ сол жобалардан түсетін пайда жайлы, қанша жұмыс орны ашылғаны туралы нақты мәлімет жоқ. Отырыста Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 44 өзгеріс пен түзету енген тиісті заң жобасын таныстырды. Оған сай «Astana HUB» пен Алматыдағы «Инновациялық технологиялар паркін» біріктіріп, мемлекеттен бөлінетін қаражатты қысқарту жоспарланған.
Нұртай Сәбильянов, Мәжіліс депутаты:
Жылына «Astana HUB» 4 млрд теңге мемлекеттен қолдау алып отырған. Біз осыны қықсқартуды ұсындық. Одан кейін «Astana HUB» 4 жылда 133 млрд теңгеге салық жеңілдіктерін алған. Онда қазіргі таңда 1400 субъекті бар. Оның 397-сі шетелдік субъектілері. Сол 1400 субъектіні қаржыландыру үшін соншама салық жеңілдігін қарастырамыз, субсидия береміз. Не үшін? Олар бизнес субъектілері ақша төлеуі керек деп ойлаймыз.
Нұрсұлтан Тілектес