Ақтөбеде ерекше балаларға арналған балабақша салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде ерекше балаларға арналған балабақша салынады

18.11.2024

Заңсыз иеленеген активтер есебінен Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы балабақша салынады. Үкімет оған шамамен 7,8 млрд теңге бөлмек. Нысан ашылса, 300 ерекше баланы тәрбиемен және түзету көмегімен қамтамасыз етеді. Қазір облыста ерекше білім беруді қажет ететін 3 жастан 6 жасқа дейінгі 2523-тен астам бала бар. Өңірде 4 арнайы түзету балабақшасы жұмыс істейді. Оның өзі жеткіліксіз дейді тұрғындар.

Еске салайық, бұған дейін Ақмола, Түркістан облысы мен Астана, Арқалық және Алматы қаласында спорт кешені, музыка мектебі, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаттығу орталығын салуды қаржыландыру туралы шешім қабылданған еді. Президент тапсырмасымен әлеуметтік нысандардың құрылысын қаржыландыру жалғаса береді.

Ардақ Мырзағали, Ақтөбе облысы білім басқармасының бас маманы:

Соңғы статистикалық деректерге сәйкес ерекше білім беруді қажет ететін балалар санында өсім байқалады. Яғни Ақтөбе қаласындағы арнайы балабақшалардағы орын тапшылығына байланысты 1203 бала қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдармен қамтамассыз етілмеген.

Жадыра Дүйсенғали, ерекше баланың анасы:

Балабақша деген ол өте керемет болар еді. Себебі біздер коррекционный кабинеттерге барамыз ғой онда жарты сағат, 40 минуттан сабақ жасаймыз. Қалған уақытта біздер өзіміздің қалтамыздан шығарамыз. Ал егер садик болса, ол бала социумға үйренер еді. Таңертең кеткеннен кешке дейін сенделіп ана жер, мына жер, бүкіл босағаны тоздырмас едік. Егер де мұндай балабақша болған кезде.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу