Қазақстанда 40-тан астам өнім түрін сатуға тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 40-тан астам өнім түрін сатуға тыйым салынды

18.11.2024

Қазақстанда 43 өнім түрін сатуға тыйым салынды. Оның ішінде сүт өнімдері, йогурт пен айран секілді тағам түрлері бар. Бұл туралы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті хабарлады.

Зерттеуге әртүрлі азық-түлік және тұрмыстық химия өнімдерінің 1423 сынамасы қамтылған. Салдарынан әрбір екінші өнім денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін екені анықталған. Тексеріс нәтижесінде 224 кәсіпкерлік субъектісіне әкімшілік шара қолданылды.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу