Ақмола облысында бұрынғы мешіт ғимаратында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында бұрынғы мешіт ғимаратында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты

18.11.2024

Ақмола облысында бұрынғы мешіт ғимаратында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға демалыс күндері Қорғалжын ауданына қарасты Сабынды ауылында болды.

Үйінді астынан табылған үш адамның бірі 12 жасар бала. Тағы 16 адам ауруханаға жеткізілді. Арасында балалар бар. Ауыр жарақат алған 7 адам жансақтау бөлімінде. Құтқарушылар қиранды арасынан 6 газ баллонын шығарған. Жедел штаб құрылып, жарылыс себебін анықтап жатыр. 

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу