Астанада өрттен зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетіледі. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, шатыры жартылай опырылып, өрт болған екі қабатты жекеменшік үйде екі отбасы тұрған. Қазір олардың бірі уақытша баспанаға орналастырылды. Әкімдік «зардап шеккен отбасыларға психологиялық көмек беріліп, материалдық, тұрғын үй және басқа да қажетті жағдайлар жасалады»,- деді.
Еске салайық, кеше таңертең екі қабатты үй өртеніп, 4 бала мерт болды. Қалалық ТЖД мәліметінше, балалар 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған. Қазір қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Серік Жұмабек