Үндістанда қалаларды қою түтін басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда қалаларды қою түтін басты

15.11.2024

Үндістанда бірталай туристік орын көзге көрінбей қалды. Солардың қатарында әйгілі Тәж-Махал кесенесі де бар. Бұған – қою мен улы түтін себеп. Кейбір тұрғындардың айтуынша, олардың тыныс алуы қиындаған.

Үндістанда жыл сайын күз кезінде ауа қатты ластанады. Оған егістік алқаптарында сабанның өртелуі, күннің салқындауынан түтіннің тез тарамауы сияқты факторлардың әсері бар.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу