Әуе компанияларға салынатын айыппұл көлемі ұлғаяды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әуе компанияларға салынатын айыппұл көлемі ұлғаяды

15.11.2024

Енді әуе компаниялар рейстердің кешігуіне, кейінге шегерілуіне және бағыттың өзгеруіне қатысты жауапқа тартылады. Ашық нормативті құқықтық актілер порталында осы салаға қатысты заңға өзгерту енгізу ұсынылды. Құжатқа сай, өз міндетін дұрыс атқармаған компаняилардың жауапкершілігін күшейтіп, оларға салынатын айыппұлдар көлемін екі есеге ұлғайту жоспарланған.

Мәселен, әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 567 бабын өзгертіп, бір рет ереже бұзылса 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, егер қайталанса 2000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынбақ. Өйткені бүгінде авиатасымалдаушылар рейстердің бөгелуі мен тоқтатылуына байланысты ғана жауапқа тартылады. Енді сандарды сөйлетсек, 2022 жылы отандық авикоманиялар - 20 302 рет, 2023 жылы - 16 666 рет, 2024 жылы 17 827 рет рейстерді кешіктірген.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу