Ақмола облысында алимент төлеуден жалтарған азамат бір жылға бас бостандығынан айырылды. Борышкердің берешегі 1 миллион 700 мың теңгеден асып кеткен. Ол бір жылдан бері кәмелетке толмаған үш баласын күтіп-бағуға қаражат бермей келген. Ерейментау ауданының прокуратурасы сотталушыдан 1 миллион 500 мың теңгеден аса қаржы өндіріп алды. Сондай-ақ, қазіргі таңда 4 миллион 200 мың теңгеден аса берешегі бар басқа азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Ұмсындық Наурызбаева