Шымкент қаласының бас санитар дәрігері парақорлығы үшін сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласының бас санитар дәрігері парақорлығы үшін сотталды

15.11.2024

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы жемқорлық әрекеттері үшін 6 жылға сотталды. Ол парақорлық істерін департаменттің персоналды басқару қызметінің жетекшісі және көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысымен бірге жүзеге асырған.

Сот айыпталушыларға 42 миллион теңге айыппұл салды және өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырды. Олар сондай-ақ департаменттің аудандық басқармасының жетекші маманы лауазымына жұмысқа орналастыру үшін 600 мың теңге сомасында пара алғаны, делдалдығы және пара бергені үшін кінәлі деп танылды.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу