Әр үшінші қазақстандықтың жинағы бар - Ұлттық банк - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әр үшінші қазақстандықтың жинағы бар - Ұлттық банк

14.11.2024

Қазақстандықтардың табысы аз, халық несиенің астында отыр деп жиі айтамыз. Президент те осы мәселені бірнеше рет көтерді. Алайда Ұлттық банк қызықты статистика жариялады. Олардың есебінше, әрбір үшінші отандасымыздың жинаған қоры бар. Бас қаржы ұйымы арнайы сауалнама жүргізген. Сұралғандардың 35% аз болса да, сақтауда тұрған ақшаларының бар екенін айтыпты. 55% ешқандай қорларының жоқ екенін жеткізген. Жалпы «қор» деген сөз, әр адамның түсінігінде әр түрлі болып шықты. Сауалнамадан өткен 1500 адамның 7,4% 100 мың теңгені жинақ деп есептейді. 10% 500 мыңнан 1 млн-ға дейінгі соманы қор десе, 8% кемі 2 млн әйтпесе 5 млн теңге есепшотта болғаны дұрыс дейді.

Бұлай дейтін де реті бар. Өйткені халықтың табысы әр түрлі. Сұралғандардың үштен бірі айлық отбасылық табысы 150 мен 300 мың теңгенің арасында екенін айтқан. 25 пайызы 300 бен 500 мыңның арасында десе 11 пайызының ғана ай сайын 500 мың теңгеден көп табысы бар екенін көрсеткен.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу