Бүгін Оңтүстік Кореяда бір сәтте жарты миллионнан астам түлек колледждерге емтихан тапсыруға кірісті. Бәсекесі жоғары бұл сынақ жастардың алдағы өмірін айқындайтын өте маңызды қадам саналады. Жоғары сынып оқушыларының көбі осы емтиханнан өтіп, беделді университетте білім алып, Азияның төртінші экономикасында корпоративтік лауазымға ие болудан үмітті.
Талапкерлер емтихан залдарына кешікпей жетуі үшін акциялар нарығы бір сағатқа кешігіп ашылды. Соның нәтижесінде қалалардың көшелерінде таңертең кептіліс аз болған.
Арыстан Рысбек