Ливанда «Израиль – Хезболла соғысынан» қаза тапқандар саны 3300-ден асты. Тағы 14,5 мыңға жуығы жараланған. Мұны осы араб республикасының денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Апта басынан бері Израильдің әуе соққыларынан ондаған адам мерт болды. Сәрсенбі күні сол құрбандарды жерлеу рәсімі өтті. Израиль Ливанға шабуылды қыркүйектің соңында үдетті. Сондағы мақсат – Газа секторында соғыс басталғалы «Хамасты» қолдап, еврей мемлекетінің солтүстігіне мыңдаған зымыран атқан «Хезболланы» күйрету.
Арыстан Рысбек