Қазақстан мен Қатар елінің сарбаздары бірге шынығатын болды. Бүгін Сенатта екі елдің әскери ынтымақтастығы туралы келісім ратификацияланды. Құжат әскери білім беру, біліктілікті арттыру, әскери медицина, ғылым, мәдениет, спорт салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сарбаздар оқу-жаттығу кезінде екінші елге барып, тіл үйрену, тәжірибе алмасу курстарынан өтеді. Келісім 5 жылға жасалды. Тараптар өз еркімен ынтымақтастықты тоқтату туралы шешім қабылдамаса, оның мерзімі автоматты түрде ұзарып отырады.
Ғалиасқар Сарыбаев, Сенат депутаты:
Қатар мемлекеті біздің полигондарды, әуе кеңістігін, ал біз олардың әскери полигондарын және олардың әуе кеңістігін пайдаланатын боламыз. Әрине Қатар мемлекеті әскери салада алға дамыған мемлекеттердің бірі. Олардың инвестициясын өзімізге тартуды да қарастырып жатырмыз.
Оңғар Алпысбай