Үкімет Ұлттық қордан тағы 2 трлн теңге алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет Ұлттық қордан тағы 2 трлн теңге алады

13.11.2024

Ұлттық қордан тағы 2 трлн теңге алынбақ. Мәжіліс депутаттары 2024 жылға арналған кірістер болжамын нақтылайтын заң жобасын жұмысқа алды.

Құжат республикалық бюджет көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты әзірленді. Соның негізінде Ұлттық қордан қосымша тарту жоспарланып отыр. Биыл бюджетте 3,6 трлн теңге тапшы. Ал Үкімет ұлттық қордан 5,6 трлн теңге сұратқан.

Татьяна Савельева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Жоба екі негізгі бағыт бойынша республикалық бюджет көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты әзірленді. Біріншіден, 2024 жылға арналған кірістердің нақтыланған болжамы бекітілген жоспардан 2 трлн теңгені мақсатты трансферт түрінде Ұлттық қордан қосымша тарту жоспарланып отыр.


Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу