Елімізде дәрі-дәрмек арзандауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде дәрі-дәрмек арзандауы мүмкін

12.11.2024

Ал шетелден келетін дәрілер келесі жылдан бастап арзандауы мүмкін. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың сөзінше, бағаның негізсіз өсуі логистика мен жарнамаға кеткен шығындардың көп болуымен байланысты. Қазір импортталатын препараттардың бағасын төмендету бойынша мемлекеттік органдармен келісім жасалып жатыр. Министр бұл мәселе 2 айда шешілетінін айтты.

Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Келер жылдың басында осы интеграцияны толықтай аяқтасақ, импорттық өнімнің елімізге нақты қай бағамен кіріп жатқанын көре отырып, баға қалыптастыру жағдайына оң әсерін тигізеді.

Ал дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмау үшін бюджеттен биыл 474 млрд теңге бөлінген. Оның 251 млрды – амбулаториялық деңгейдегі 3,5 млн науқасты тегін препаратпен қамтуға жұмсалады. Десе де, отандық фармацевтика әлеуетін арттыру қажет, - дейді Үкімет басшысы. Денсаулық сақтау министрлігіне ол үшін шетелдік инвесторлармен байланыс орнату қажеттігін ескертті.


Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу