Олжас Бектенов: Әкімдіктердің жұмысы мардымсыз
Елімізде екі күннің бірінде баспана өртенеді. Бір айдың өзінде 130 жағдай тіркелген. Тұрғындар көбіне пеш жағу кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Осылай деген Үкімет басшысы жауапты министрліктер мен жергілікті әкімдіктерге жеке тұрғын үйлерге рейд жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, Олжас Бектенов қысқы дайындық шараларына салғырт қараған әкімдіктерді сынады. Оның сөзінше, мұндай оқыс жағдайлардың алдын алу үшін алдымен әлеуметтік осал топ өкілдерін есепке алу қажет. Әрі олар тұрып жатқан үйге улы газ датчиктерін тегін орнату керек, - деді Премьер-Министр.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
Алайда Жетісу, Ақмола, Ақтөбе облыстарының және Алматы қаласы әкімдіктерінің бұл бағыттағы жұмыстары мардымсыз екенін атап өткім келеді. 2%-дан 14%-ға дейін ғана қамтылған. Аталған әкімдіктер жұмысты күшейтіңіздер.
Ал Төтенше жағдай министрі жарылып кету қаупі бар газ баллондардың мәселесін көтерді. Бұл ретте жанар-жағармай бекеттерінен газ құйып алатындардың әрекеті заңсыз. Сондай-ақ, министр халық жарамсыз болып қалған 348 мың баллонды ауыстыру қажет екенін айтты.
Шыңғыс Әрінов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
Әкімдіктердің жанындағы тұрғын үй комиссиялары тұрмыстық және коммуналдық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелерінің сақталуына бақылау жасауды күшейтуі қажет.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдау – ел болашағын айқындайтын стратегиялық құжат
10.09.2025, 17:29

ӘЧ: Бүгін 13 боксшымыз шаршы алаңға шығады
10.09.2025, 14:24
Ақтауда «Eco School» жобасы жүзеге асырыла бастады
10.09.2025, 14:21
Петропавл студенттері телефон қосымшасын жасап шығарды
10.09.2025, 14:18
Жолдау қоғамдық-саяси және экономикалық даму тұрғысынан талданды
10.09.2025, 14:15
Сербия саясаттанушылары Жолдауға үн қосты
10.09.2025, 14:12
Жолдау: Салықтан түскен қаржы тиімді жұмсалуы тиіс
10.09.2025, 14:09
Жеті жеңіл ұшақтың рұқсатсыз ұшып жүргені анықталды
10.09.2025, 14:06