АҚШ доллары қымбаттап, өзге валюталардың қасында соңғы төрт айдағы максимумға дейін күшейді. Сарапшылар бұны Дональд Трамптың президенттікке қайта сайлануымен байланыстырып отыр. Ал инвесторлар жаңа әкімшілік тұсында Құрама Штаттарда салық төмендеп, қаржы нарығын реттеу тәсілдері жеңілдеп, экономикалық ахуал бұрынғыдан жақсарады деген үмітте. Есесіне еуро кейінгі жеті айдағы, юань үш айдағы минимумға дейін әлсіреген. Бұған Трамптың Америка нарығын қорғау үшін еуропалық және қытайлық тауарларға тариф енгізеді деген болжам себеп болса керек.
Арыстан Рысбек