Ақмола облысында қалааралық автобус жүргізушісі мас күйінде ұсталды. Шымкенттен Астанаға келе жатқан көлікте 40 жолаушы болған. Тәртіп сақшылары оны Петропавл-Астана тасжолы бойында тоқтатты. Көлік тізгініне басқа жүргізуші отырып, жолаушыларды діттеген жеріне жеткізді.
Автобус жүргізушісі сотталды
Сондай-ақ осы Ақмола облысында оқушылар мінген шағын автобустың апатқа ұшырауына кінәлі жүргізуші 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Еске салсақ, қайғылы оқиға төртінші ақпан күні Көкшетау-Атбасар тасжолында болды. Мерседес Спринтер көлігінің жүргізушісі қар тазалайтын техниканы басып озамын деп, қарсы бағытта келе жатқан көлікті соғады. Салдарынан бір адам қайтыс болып, 15 жолаушы жарақат алған еді.
Ұмсындық Наурызбаева