Ұлттық банк 2025 жылы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасына 100 млрд теңгеге дейін қаражат бөлінетін хабарлады. Сондай-ақ аталған бағдарламаға өзгерістер енгізілген. Жаңа ережеге сай енді мерзімді әскери қызметте жүргендердің несиесін кейінге шегере тұруға мүмкіндік берілмек. Сонымен қатар әскери қызмет кезінде және ол аяқталғаннан кейін 60 күнге дейін қарызы бойынша сыйақы тағайындалады. 1 қаңтардан бастап тағы бір ереже күшіне енеді. Оған сай қарыз алушы мен оның жұбайының атында Қазақстан аумағында соңғы 18 айда жылжымайтын мүлік болмауы керек. Жатақханадағы көлемі 15 шаршы метрден аспайтын бөлме мен апатты деп танылған тұрғын үй есепке алынбайды. Ал, жалпы ереже өзгеріссіз қалады. Яғни, жылдық үстемақы 7%, алғашқы салым 20%, несие мерзімі 25 жыл.
Нұрсұлтан Тілектес