Гүлмира Пармышева: «Әлеуметтік кәсіпкерлік» ұғымын кәсіпкерлердің өзі толық түсінбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гүлмира Пармышева: «Әлеуметтік кәсіпкерлік» ұғымын кәсіпкерлердің өзі толық түсінбейді

08.11.2024

14-15 қараша күндері «Тұрақты болашақ үшін әлеуметтік инновациялар» тақырыбында «Еуразиялық құрылтай» өтеді. Жиын елдегі әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы бастамаларды қолдайтын маңызды халықаралық платформа. Бүгінде оған 803 ұйым мүше ретінде тіркелген. Құрылтайға қатысушылар арасында сарапшылар мен бизнес өкілдері, сондай-ақ, әлеуметтік кәсіпкерліктің үздік тәжірибелерімен бөлісетін шет ел мамандары да бар.

Гүлмира Пармышева, Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының вице-президенті:

Бізде заң бойынша қарастырылған 4 санат бар. Бірінші, осал топты жұмыспен қамтамассыз ету, екінші санатта егер сіз осал топ дайындайтын өнімді, болмаса қызмет түрін сатуға көмектескен болсаңыз, үшінші санат осал топқа арналған қызмет түрлері мен тауарларды өндіретін бизнес ұйымдары. Төртінші санат білім беру, спорт, мәдениет, отбасылық құндылықтарды дәріптейтін бизнес түрлері. Осы төрт санатқа жататын бүгінгі эфирден кейін көріп, өзін тауып алған әріптестерімізді осы регистрге кіруге шақырар едім.


Хабарламаларға жазылу