Қазақстандық композитор әрі пианист Рахат-Би Әбдісағын Лондон музыканттар гильдиясының беделді сыйлығына ұсынылды.
Күміс медаль 1889 жылдан бері берілетін ең көне әрі жалғыз марапат. Бұл сыйлық Біріккен Корольдіктің жетекші консерваторияларының студенттері арасынан таңдалған ең көрнекті жас музыкантқа беріледі.
Отандасымыз қазір Шотландия Корольдік консерваториясында «Болашақ» бағдарламасы бойынша докторантурада білім алып жатыр. Марапаттау рәсімі 13 қарашада Лондонда өтеді.
Асылбек Данияр