Индонезияда жанартау маңынан 6 мыңға жуық адам эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда жанартау маңынан 6 мыңға жуық адам эвакуацияланды

08.11.2024

Индонезияда жанартау маңынан тұрғындарды көшіру операциясы жалғасып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, Левотоби Лаки-Лаки жанартауының айналасынан 6 мыңға жуық адам өзге ауылдарға эвакуацияланды.

Жергілікті үкімет төтенше жағдай жариялады. Сондықтан орталықтағы билік зардап шеккендерге жәрдем көрсетуі керек.

Таяуда 10 адамның өмірін қиған вулкан сегіз рет атқылап, 8 мың метр биіктікке күл шашты. Осының салдарынан аймақта 4 әуежай жабылды. Индонезия «Тынық мұхиттың отты шеңберінде», яғни түрлі тектоникалық плиталардың үстінде орналасқандықтан, мұнда сейсмикалық белсенділік жиі байқалады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу