Олжас Бектенов өңірлердің көктемгі су тасқынына дайындығын сынға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олжас Бектенов өңірлердің көктемгі су тасқынына дайындығын сынға алды

07.11.2024
0:00:00
0:00:00

Табиғи апаттың алдын алуға арналған жұмыстардың қарқыны бәсең. Олжас Бектенов өңірлердің көктемгі су тасқынына дайындығын сынға алды. Бүгін Премьер-министр сала министрлері мен өңір әкімдерінің қатысуымен арнайы кеңес өткізді. Жиында су тасу қаупі басым өзен учаскелерінде 31 деңгейлі гидрологиялық бекет ашылғаны хабарланды. Сондай-ақ, өзендерде «HBV» және «SWIM» сандық модельдерін бейімдеу бойынша жұмыстар жүріп жатқаны айтылды. Бұл су басу қаупі бар аймақтарды анықтау мүмкіндігімен судың ең жоғары деңгейін көрсете отырып, гидрологиялық болжам жасауға мүмкіндік береді. Оған қоса, 377 гидрологиялық бекет, 25 қар өлшеуіш маршрут және 347 метеорологиялық станция жұмыс істеп тұрғаны белгілі болды.

Дегенмен, бұл апаттың алдын алуға жеткілікті ме? Олжас Бектенов Қостанай, Ақтөбе, Батыс және Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Абай облыстарының әкімдеріне су тасқынына қарсы іс-шараларды бір айдың көлемінде жүзеге асыруды міндеттеді. Сонымен қатар, тасқын қаупі төніп тұрған елдімекендердің қорғанысын күшейтіп, азық-түлік және дәрі-дәрмек қорын жасақтауды тапсырды.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу