Еліміз сынық аурулары бойынша үшінші орында тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміз сынық аурулары бойынша үшінші орында тұр

07.11.2024

«Ғалымдардың ойлап тапқан емдеу тәсілдері мен құрал-жабдықтарын өндіріске енгізу керек. Осылайша еліміздегі өлім көрсеткішін азайтып, мүгедектік санын төмендетеміз. Себебі еліміз түрлі сүйек жарақаттары бойынша әлемде үшінші орында тұр». Осылай деген отандық ғалымдар Алматыда өткен ғылыми конференцияда дерттің дендеуі, оны оңалту жолдарын талқылады.

Жетекші мамандар тірек-қимыл жүйесінің ауруларын емдеуде заманауи технологияға негізделген жаңа әдістердің маңызы зор деп отыр. Сондай-ақ бүкіл әлемде ортопедия, травматология саласындағы дәрігерлер жасанды интеллектің көмегіне жүгінеді. «Заманауи технология ауыр жарақаттарды дәл тауып, оны емдеу жолдарын жылдам анықтап береді, қателесуге жол бермейді» дейді отырысқа қатысушылар.

Ерсін Жүнісов, Халықаралық травматология және ортопедия ғылыми орталығының бас директоры:

Жасанды интеллекті қазір экперименталды түрде қолданып жатырмыз. Көп автокөліктік жарақат алған пациенттерге қалай қолдануды жасап жатыр. Алғашқы қолданған нәтижелеріміз өте жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. 99,6 пайызда дәл түсіп жатыр. Яғни ауыр жарақатпен түскен пациентті жасанды интелект жылдам анықтап береді.

Танос Бадекос, тарвматолог-ортопед (Грекия):

Жасанды интелекті біз екі жағдайда қолданамыз. Біріншісі рентген, компьютерлік томография жасау кезінде сүйек жарақаттарын, буындардағы ақауларды жылдам анықтаймыз. Сондай-ақ, жасанды интеллект арқылы жарақаттың қайталану ықтималдығын болжаймыз.

Айдана Қуантхан

Хабарламаларға жазылу